Пермьдегі атыстан зардап шеккендер саны 43-ке жетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан зардап шеккендер саны 43-ке жетті. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан зардап шеккендер саны 43-ке жетті. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін зардап шеккендер саны 43 адамға жетті, кешегі күнмен салыстырғанда тағы бір адам қосылды. Оның ішінде 12 адам Пермь қаласындағы ауруханаларда жатыр. Тек біреуінің жағдайы ауыр.

Стационардағы барлық жағдай қанағаттанарлық. Сондай-ақ, амбулаториялық емделушілердің барлығының жағдайы жақсы", - деді облыстық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі облыстық Үкімет отырысында.

Бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro