Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді Фото kommersant.ru сайтынан алынды

25 мамырда өткен Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Utro.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 мамырда өткен Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Utro.ru басылымына сілтеме жасап.

Президент сайлауына қатысып, дауыс бергендердің 100 пайыз бюллетені саналып, нәтижесі бойынша миллиардер Порошенко 54,7 пайыз дауыс жинап, Украина президенті сайлауында жеңіске жетті.  Экс-премьер Юлия Тимошенко 12,81 пайызбен Порошенкодан кейінгі екінші орынға табан тіреген. Үшінші орынға 8,32 пайыз дауыспен Украинаның Радикалды партиясының көшбасшысы Олег Ляшко көтерілді.

Естеріңізге саламыз, Украинадағы президент сайлауы 25 мамыр күні өтті. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау учаскелері арқылы дауыс берген еліміздегі украин азаматтардың басым көпшілігі Петр Порошенкоға сенім білдіргенін хабарлаған болатынбыз.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети