11 қараша 2014 | 15:53

Петр Порошенко соғысты тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы соғысты тоқтатуға және Үшінші дүниежүзілік соғысқа жол бермеуге ниетті екенін мәлімдеді. Мұндай хабарламаны ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына және Twitter-дегі шағын блогына орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы соғысты тоқтатуға және Үшінші дүниежүзілік соғысқа жол бермеуге ниетті екенін мәлімдеді. Мұндай хабарламаны ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына және Twitter-дегі шағын блогына орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петр Порошенко соғысты тоқтату ниетін 11 қараша - Бірінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні жария етіп отыр. "96 жыл бұрын Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Мен соғысты тоқтатқым келеді. Ешкімге бүкіләлемдік үшінші ессіздікті бастауға мүмкіндік бергім келмейді", - деп жазды Украина президенті микроблогына. Facebook-тегі парақшасында ол 11 қараша күні Еуропада Жеңіс күнін ешкім тойламайтынын, тек оның шығынын еске алатынын айтты. 

"Соғыста, шынымен де, жеңген де, жеңілген де болмайды - соғыста тек тірі қалғандар ғана болады. Екі жақтан да. Бүгінде шығыста біз Украинаның аумақтық тұтастығын қорғап жатырмыз, туған жерімізді, тәуелсіздік пен дамуға деген құқығымызды қашанда қорғай беретін боламыз. Бірақ мен бейбіт жолмен реттеуге сенемін және өзімді Украинада бейбіт өмірдің басталуы үшін бәрін жасауға міндетті санаймын", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Петр Порошенко Украинаның Минск уағдаластықтарын орындауға жауапкершілікпен қарауға және елдің шығысындағы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешуге ниетті екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, ел жағдай басқаша өрбитін болса, шешуші әрекеттерге дайын. "Біз өз мемлекетімізді қорғауға дайынбыз. Бүгінде Мариуполь-Бердянск, Харьков және Луганск мен Днепропетровск облыстарының солтүстігі бағыттарында болуы мүмкін шапқыншылықтардың жолын кесуге мүмкіндік беретін жаңа бөлімдер мен құрамалар жасақталды", - деп мәлімдеген болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети