Pfizer басшысы: ғылым қатерлі ісік ауруын емдеуге жақын

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pfizer басшысы: ғылым қатерлі ісік ауруын емдеуге жақын Иллюстрация: pixabay

Pfizer фармацевтикалық компаниясының президенті және бас директоры Альберт Бурла ғылыми қауымдастық қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай жетістіктерге жетуге жақын екеніне сенімді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бурла қатерлі ісік туралы ғылым жетілгенін, алдағы жылдары қолданыстағы емдеу хаттамаларында айтарлықтай өзгеріс болатынын айтты.

"Мен басқа ауруларды білмеймін, бірақ жақында қатерлі ісікті емдеу жолы табылады", - деді Бурла.

Сондай-ақ, ғалым коронавирусқа байланысты босаңсуға болмайтынын айтты.

"Біз босаңсып кетпеуіміз керек. Бүгінде вакцина жеткілікті. Осы қолда бар вакцинаны дұрыс қолдансақ өлім санын азайтамыз", - деді Pfizer басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.23  course up  574.22  course up  6.3  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети