Pfizer COVID-19-ға қарсы таблеткаларды кей елдерге тегін береді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pfizer COVID-19-ға қарсы таблеткаларды кей елдерге тегін береді Фото ©REUTERS

Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ға қарсы тәжірибелік таблеткаларды табысы төмен және орташа 95 елге тегін беруді шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ға қарсы тәжірибелік таблеткаларды табысы төмен және орташа 95 елге тегін беруді шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Pfizer АҚШ-тың Дәрі-дәрмек патенттік пулымен (MPP) келісімге қол қойды, ол бүкіл әлемдегі компанияларға тәжірибелік препараттарын өндіруге мүмкіндік береді.

Pfizer және MPP арасындағы ерікті келісім дәрінің жеке нұсқаларын жасау үшін дәрі-дәрмек өндірушілердің сублицензиясын қарастырады. Pfizer өз өнімін "Паксловид" брендімен сататыны көрсетілген.

"Біз адамдарды COVID-19-дан қорғау үшін арсеналымызда тағы бір қару болғанына қуаныштымыз", - деді MPP атқарушы директоры Чарльз Гор.

Келісімге кірген 95 ел әлем халқының шамамен 53 пайызын қамтиды және Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы барлық төмен және орташа кірісі бар елдер мен ортадан жоғары табысы бар кейбір елдерді қамтиды.

Pfizer бұған дейін Америка Құрама Штаттарында COVID-19-ға қарсы эксперименталды препаратты қолдануға рұқсат беру үшін өтініш бергені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети