Pfizer Францияға 520 миллион еуро көлемінде инвестиция құяды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pfizer Францияға 520 миллион еуро көлемінде инвестиция құяды

Америкалық Pfizer компаниясы Францияға бес жыл ішінде 520 миллион еуро инвестиция құюға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Pfizer компаниясы Францияға бес жыл ішінде 520 миллион еуро инвестиция құюға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Pfizer компаниясының бас атқарушы директоры Альберт Бурла COVID-19 препараттарын өндіру мен зерттеуді қолдау мақсатында компания Францияда Paxlovid деп аталатын коронавирусқа қарсы препарат шығаратын Novasep француз фармацевтикалық компаниясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.

2022 жылы Pfizer бүкіл әлем бойынша 120 миллионға дейін дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Pfizer онкология, сирек кездесетін аурулар, аутоиммунды аурулар саласындағы зерттеулерге қаражат салады.

Америкалық зертхана клиникалық сынақтарға қатысушылар санын арттыру үшін Франциядағы денсаулық сақтау мекемелерімен бірге жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети