Америкалық Pfizer компаниясы BioNTech неміс серіктесімен бірлесіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын 12 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін клиникалық сынақ өткізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Америкалық Pfizer компаниясы BioNTech неміс серіктесімен бірлесіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинасын 12 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін клиникалық сынақ өткізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Компания 2022 жылдың басында препараттың қолданысын 12 жасқа дейін кеңейту үшін вакцинаны балаларға сынақтан өткізе бастағанын хабарлады. Айта кетейік, сынаққа 6 айлық балалар да қатысады.
"Біз серіктес BioNTech-пен бірге 6 айдан 11 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаның әсерін бағалау үшін жаһандық зерттеу жарияладық", - деді Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурл Twitter-де.
Together with our partner BioNTech, we have announced a global study to further evaluate our #COVID19 vaccine in healthy children ages 6 months to 11 years. We are proud to start this much needed study for children and families eagerly awaiting a possible vaccine option. (1/2) https://t.co/OHascHK89D
— AlbertBourla (@AlbertBourla) March 25, 2021
Pfizer және BioNTech балалар қауіпсіздігі үш түрлі дозада - 10, 20 және 30 микрограмм егуді жоспарлап отыр. Оған 144 бала қатысады. Вакцинаның I/II фазасын зерттеу үшін екі рет екпе салу жоспарланған. Балалар вакцинаның алғашқы дозасын 24 наурызда қабылдады, деді Pfizer өкілі Шарон Кастильо.
Қазіргі уақытта Pfizer/BioNTech вакцинасын АҚШ реттеушісі 16 жастан асқан адамдарды вакциналауға рұқсат етеді.
Мұндай клиникалық сынақтарды американдық Moderna биотехнологиялық компаниясы да өткізген. Сонымен қатар, қолданыстағы ережелер бойынша Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды коронавирусқа қарсы егу жоспарда жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!