АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы "Паксловид" таблеткаларын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Паксловид" - бұл 12 жастан асқан адамдар үшін АҚШ-та жасалған және мақұлданған алғашқы дәрі. Дәрі-дәрмек американдар үшін осы демалыстан бастап қолжетімді болады.
Препарат дәрігердің нұсқауы бойынша ғана беріледі. COVID-19 диагнозы қойылып, симптомдар басталғаннан бастап бес күн ішінде әр 12 сағат сайын ішу ұсынылған.
Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестірушісі Джеффри Зинтс АҚШ үкіметі қаңтарға дейін 265 мың емдеу курсын өткізеді және келесі айларда жеткізілім артады деп мәлімдеді. АҚШ билігі алты ай ішінде тапсырыс берген 10 миллион курсын алады. АҚШ үкіметінің 10 миллион таблеткаға арналған келісімшарты бір курс үшін 530 долларға бағаланады.
Дәрігерлер бұл препарат омикрон штамына және коронавирусқа қарсы екпе алуды қаламайтын адамдар жағдайында медициналық жүйені жеңілдетуге көмектесетініне сенімді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!