09 қараша 2017 | 11:07

Полицей әйелді қызғанған күйеуі 4 жастағы ұлын өлтірген. Оқиғаның арты үлкен дауға ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© әлеуметтік желіден © әлеуметтік желіден

Ресейдің Нижний Новгород қаласының тұрғыны әйелін жұмысқа көп уақыт бөлетінін қызғанып, өздерінің ұлдарын өлтіріп тастаған, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Нижний Новгород қаласының тұрғыны әйелін жұмысқа көп уақыт бөлетінін қызғанып, өздерінің ұлдарын өлтіріп тастаған, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Басылымның жазуынша, 3 қарашада тергеуші болып істейтін әйелге төрт жастағы ұлымен үйде қалған күйеуінен хабарлама келген: "Сен енді бізді көрмейсің". Әйел адам кезекшілікте болғандықтан жұмысынан сұранғанымен, оны жібермеген. Әйелінің келмейтінін білген ер адам ұлын гараждағы көлікке отырғызып, көлікті оталдырған. Бала газға уланып мерт болады. 

Ер адам ұсталды. Тергеу кезінде ол әйелін жұмысынан қызғанғандықтан осындайға барғанын мойындапты. Полицейлер өздеріне зиян тимес үшін "жұмысынан қызғандым" куәлігін ауыстырған, ал әйелді дауға ілікпес үшін жұмыстан босатқан. 

Кейін құқық қорғау органының өкілі мән-жайды айтып берді. "Менде бар мәліметтер бойынша, ер адам баласымен бірге өлмек болады. Алайда соңғы сәтте қорқып кетіп, қашып шыққан. Ал баласын өлімге тастап кеткен. Бірден ата-анасына қашқан. Олар ұлдарын қаладан алып шықпақ болғанымен, полицияға ұсталады. Ер адам бәрін бірден мойындайды. Бұрын істі болғаны анықталды. Тергеу басқармасы басшыларының бірі қызмет бабын пайдаланып, күдіктіден куәлігін "жұмысынан қызғанды" емес, "ер адамдардан" қызғанды деп өзгертуін сұраған. Әркім өз басын ойлап жүр. Енді басшылық тергеушілерге түні бойы жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні үшін жауапқа тартылады. Тергеушілердің жұмысы бастан асады. Әйел ол күні сұранғанымен жұмыстан жібермей қойған. Қазір оған моральді қысым көрсетіліп жатыр. Енді бұрын сотталған адамға тұрмысқа шыққаны үшін әйелдің өзін кінәлі етпек", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети