Полиция Францияның экс-президенті Николя Саркозиді ұстады. Бұл туралы шенеунік мәлімдеді, - деп жазады Reuters.
Полиция Францияның экс-президенті Николя Саркозиді ұстады. Бұл туралы шенеунік мәлімдеді, - деп жазады Reuters.
Le Monde газетінің мәліметінше, ол Париж шетіндегі Нантер қаласынан ұсталды.
Экс-президент миллиардер әйел Лилиан Бетанкурдың ісі бойынша өткен сот процесіне араласты деген күдік келген еді. Бетанкур Саркозидің сайлауалды кампаниясын заңсыз қаржыландырған. Бұған дейін тергеушілер бұрынғы президенттің сайлау науқанына қажетті қаржыны Ливияның бұрынғы жетекшісі Муамар Каддафи бөлген деген болжам айтқан болатын.
Телефон әңгімелерін тыңдаудың нәтижесінде Бетанкур ісі бойынша судьялардың бірі Саркози мен оның адвокатына тергеудің қызметтік материалдарын беруге келіскені расталды. Тергеудің мәліметінше, Саркози бұл қызмет үшін судьяға Монакодан жоғары лауазым ұсынған. AFP-ның хабарлауынша, экс-президенттің адвокаты одан бір күн бұрын қамауға алынған.