Франция полициясы Даммартен-ан-Гоэль (Париж түбіндегі Шарль де Голль әуежайынан 10 шақырым жерде) қалашығындағы арнайы операцияның видеожазбасын жариялады. Бұл жерде Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасады деген күдіктілер ағайынды Куашилердің көзі жойылды. Бұл туралы LifeNews хабарлады.
Франция полициясы Даммартен-ан-Гоэль (Париж түбіндегі Шарль де Голль әуежайынан 10 шақырым жерде) қалашығындағы арнайы операцияның видеожазбасын жариялады. Бұл жерде Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасады деген күдіктілер ағайынды Куашилердің көзі жойылды. Бұл туралы LifeNews хабарлады.
GIGN арнайы қызметі лаңкестердің адамдарды кепілге алып, қамап отырған жеке баспаханаға шабуылды тоғызыншы қаңтарда жасады. Тәртіп сақшылары шабуылға бірнеше сағат дайындалды. Оқиға болған жер қоршауға алынып, көрші үйлердің төбелеріне снайперлер шықты. Арнайы қызмет күдіктілерді тірі күйінде ұстағысы келді, бірақ лаңкестер өлуге де бар екенін мәлімдеді.
Полицейлер ғимараттың төбесінен орын алған кезде ағайынды лаңкестер шабуылға шығып, оқ ата бастады. Бірер сәттен кейін лаңкестер өлтірілді. Кепілге алынған адам зардап шеккен жоқ.
Мұнымен қатар, Желіде Франция полициясының операциясы бейнеленген басқа видео пайда болды. Операция Париждегі супермаркетте өтті. Дүкенде 32 жастағы африкалық Амеди Кулибали шамамен 20 адамды кепілге алған болатын. Кулибали француз билігінен ағайынды Саид пен Шериф Куашилерді аңдуын доғаруды талап еткен еді.
Лаңкестің көзін жою операциясын France 3 телеарнасының репортерлері видеоға түсіріп алды. Видеода GIGN жауынгерлерінің содырды атып жатқанын көруге болады. Кепілге алынған бірнеше адам құтқарылды, бірақ Кулибали дүкенге полицейлер шабуыл жасамай тұрғанда төрт адамды атып тастаған болатын.
Осыған дейін France 2 телеарнасы Париж супермаркетіндегі лаңкестің өлтірілу сәті бейнеленген видеоны жариялаған, бірақ GIGN жауынгерлерінің лаңкесті атып жатқан тұсы өшірілді. Нәтижесінде жүгіріп шыққан Амеди Кулибали лаңкес емес, кепілге алынған адам сияқты болып көрінді.
Арнайы операцияның алдында Кулибали BFM TV телеарнасының журналистеріне "Ислам мемлекеті" тобының мүшесі екенін, ал оның Франциядағы ісін белгілі радикал әрі уағызшысы Анвар әл-Авлаки екенін хабарлады. Айта кетейік, АҚШ арнайы қызметі оны номері бірінші лаңкес деп атаған. Кулибали өзінің әрекетін ағайынды Куашилермен байланыстырғанын да мойындады. Яғни ағайынды лаңкестер Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасаған кезде Амеди Монружде полицейді атып түсірген.
Қазіргі уақытта ел полициясы 26 жастағы Хаят Бумедьенді іздестіріп жатыр. Ол - Амеди Кулибалидің әйелі.