Польшаның бұрынғы президенті Войцех Ярузельский қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшаның бұрынғы президенті Войцех Ярузельский қайтыс болды Войцех Ярузельский. Фото: se.pl

Варшавада Польшаның бұрынғы президенті генерал Войцех Ярузельский қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости польшалық ПАП баспа агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Варшавада Польшаның бұрынғы президенті генерал Войцех Ярузельский қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости польшалық ПАП баспа агенттігіне сілтеме жасап.

Войцех Ярузельский ұзақ әрі ауыр науқастан кейін Әскери-медицианалық институттың нейрологиялық бөлімшесінде қаза болды. Екі апта бұрын ол инсульттан аман өткен болатын. Ярузельский сондай-ақ лимфома ауыруынан зардап шегіп, жиі-жиі емханаға түсіп тұрған. 6 шілдеде ол 91 жасқа келер еді. 

Өткен жылдың ақпан айында Ярузельскийдің есімі отбасындағы жанжалдарға байланысты БАҚ беттерінде жиі айтылды. Ол кезде экс-президенттің жұбайы 84 жастағы  Барбара Ярузельская оны көзіме шөп салды деп айыптады. Польшаның бұрынғы бірінші ханымы 90 жастағы Ярузельский ертеректе олардың үйінде қызметші болған 50 жастағы әйелмен жағымсыз әрекеттерге барды деген болатын.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети