Польша АҚШ-тан келген әскерді Украина маңына орналастырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Ministerstwo Obrony Narodowej/twitter

Польша АҚШ-тан келген әскерді Украинамен шекараға жақын жерде орналастыруды жоспарлап отыр. Елдің оңтүстік-шығысында АҚШ-тың қосымша күштері орналастырылатыны туралы Польша қорғаныс министрі Мариуш Блащак Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ әскерлерінің Польшаға жылдам келуі НАТО-ның шығыс қанатына төнген қауіп-қатерге жақсы жауап береді және одақтастық міндеттемелерге байыпты қатынасты көрсетеді. Әскерилер еліміздің шығыс-оңтүстік бөлігінде әрекет ететін болады", - деді Польша қорғаныс министрлігі.

Реклама
Реклама

Жексенбі, 6 ақпанда Ауғанстаннан соңғы шыққан америкалық әскери қызметкер ретінде танылған генерал Кристофер Донаху бастаған АҚШ-тың 82-әуе-десанттық дивизиясының әскерлері Польшаға келгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама