Польша Беларусь қарулы күштері босқындар лагеріне жақындағанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Польша қорғаныс министрлігі босқындар лагеріне Беларусь қауіпсіздік күштері жақындап келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Польша қорғаныс министрлігі босқындар лагеріне Беларусь қауіпсіздік күштері жақындап келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар "Кузня" шекара бекетіне қарай жылжып барады, делінген министрліктің Twitter-парақшасында.

Реклама
Реклама

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий мен қорғаныс министрі Антоний Мацеревич шекараны күзететін әскери қызметкерлермен кездескен.

Польша Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қазір шекарада 12 мың әскери, 4 мың шекарашы, 1,5 мың полиция қызметкері және терроризмге қарсы бөлімшенің 250 қызметкері орналастырылған. Сондай-ақ, поляк тарапы шекарада естілген атыс көрші жақта екенін айтты.

Айта кетейік, Беларусь мен Польша, Литва және Латвия шекараларындағы көші-қон дағдарысы соңғы бірнеше аптада күрт шиеленісе түсті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама