Польша-Беларусь шекарасы жабылуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша-Беларусь шекарасы жабылуы мүмкін Фото ©REUTERS

Польша миграциялық дағдарысқа байланысты Беларусьпен шекараны жабатынын жоққа шығармады. Бұл туралы Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Таллинде Эстония премьер-министрі Кая Калласпен кездесуден кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша миграциялық дағдарысқа байланысты Беларусьпен шекараны жабатынын жоққа шығармады. Бұл туралы Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Таллинде Эстония премьер-министрі Кая Калласпен кездесуден кейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазір Польша тек бір ғана "Кузница" автожол бекетін жапты.

"Біз барған сайын күрделі экономикалық санкциялар сипатындағы қадамдар туралы, соның ішінде Польша-Беларусь шекарасын Польша жағынан жабуды ойлаймыз", - деді Моравецки.

"Біз бұл эскалация қадамын, яғни жаңа өткелдерді жабуды, транзиттік және сауда мүмкіндіктерін жабуды Лукашенко режиміне экономикалық қысым көрсету үшін пайдалануға дайынбыз", - деп қосты ол.

Сонымен бірге, Польша премьер-министрі Беларусь билігі мигранттарды үйлеріне қайтару арқылы дағдарысты шешеді деп үміттенеді. "Біз Лукашенкоға (Беларусь президенті Александр Лукашенко) бір қадам артқа шегінуге және мигранттарды туған елдеріне қайтаруға мүмкіндік бергіміз келеді", - деді ол.

Еске салайық, Беларусьтің Польша, Литва және Латвиямен шекарасындағы миграциялық дағдарыс соңғы бірнеше аптада күрт ушығып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) өтінішіне қарамастан, поляк әскерилері көрші Беларусьтен Польшаға кіретін Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан заңсыз мигранттармен күресу үшін тікенек сымдар орнатуға шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети