ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2021 | 10:55
Польша Беларусьпен шекарадағы әскер санын арттырды
Польша Беларусьпен шекарадағы әскер контингентін екі есеге арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Польша Беларусьпен шекарадағы әскер контингентін екі есеге арттырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Польшаның қорғаныс министрі Мариуш Блащак көші-қон күрт ұлғаюына байланысты Беларусь шекарасына тағы әскер орналастырылатынын мәлімдеді. Варшава шекаралас аймаққа екі есе көп әскерді, 6 мыңға жуық поляк сарбазын орналастырған. Бұл кейінгі күндері шекарадағы әскери күштің айтарлықтай өсуі. Сенбіде әскери контингент саны 3 мыңға жуық адамға жеткен.
"Польша-Беларусь шекарасында 16, 18 және 12-дивизиядан 6 мыңға жуық сарбаз қызмет етеді. Сарбаздар шекара қызметіне қолдау көрсетіп, ел шекарасын қорғайды және одан заңсыз өтуге жол бермейді", - деп жазды Блащак Twitter-парақшасында.
Премьер-министр дүйсенбіде шекарадан 612 рет заңсыз өту әрекеті тіркелгенін хабарлағаннан кейін мәлімдеме жасады. 11 мигрант қамауға алынды, олардың 10-ы Ирактан. Үш шетелдік - Әзербайжан, Түркия және Украин азаматтары.
Бұған дейін Польша ұлттық ассамблеясының төменгі палатасы заңсыз көші-қоннан сақтану үшін Беларусьпен шекарада қоршау салу туралы шешім шығарғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также