Константынув-Лодзинский қаласында Польша президенті Бронислав Коморовский мінген трамвай рельстен шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына түсті, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Dziennik.pl ресурсына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, президент мінген ретро-трамвай көшелердің бірінде рельстен шығып кетеді. "Трамвай өте баяу қозғалып келе жатты, оның жылдамдығы сағатына 15 шақырымнан аспады. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ, жолаушылардың бір де бірі құламады", - деді машинист.
Польша президенті болса болған оқиғаға әзілмен қарады. "Кейбіреулер бұл оқиғаны провокация деп бағалар еді", - деді ол. Комаровский жолының жалғасын мемлекет басшысының автобус бронкобуспен жалғастырды. Жол-көлік оқиғасының неден болғаны анықталып жатыр.