17 наурыз 2015 18:09

Польша президентінің күзет қызметі журналистің аузын желімдеп тастады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бронислав Коморовский. ©REUTERS Бронислав Коморовский. ©REUTERS

Польша президенті Бронислав Коморовскийдің күзетшілері журналисті еденге жатқызып, аузын скочпен жауып тастады. Оқиға мемлекет басшысының Жешув қаласына жасаған іссапары кезінде болды, - деп жазады Lenta.ru Dziennik басылымына сілтеме жасап.


Польша президенті Бронислав Коморовскийдің күзетшілері журналисті еденге жатқызып, аузын скочпен жауып тастады. Оқиға мемлекет басшысының Жешув қаласына жасаған іссапары кезінде болды, - деп жазады Lenta.ru Dziennik басылымына сілтеме жасап.

Жешувке іссапары кезінде Коморовский қаладағы 21-ші тау атқыштары бригадасында, сонымен қатар, инновацияларға жәрдемдесу жөніндегі заңға перзидент қол қойған жергілікті университетте болған. Польша президенті шығуға беттеген кезде оған журналист келіп сұрақ қоюға тырысады. Президент күзетшілері кенеттен журналистің қолын қайырып, еденге жатқызады. Болған оқиғаны "Поляк радиосының" Жешув қаласындағы филиалының репортері камераға түсіріп алып, ғаламторға жүктеген. Видеода күзетшілердің репортердің аузын скочпен жауып тастағаны анық байқалады.

Президенттің баспасөз қызметі барлық айыптауды жоққа шығарып отыр. Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Интернет қолданушылары күзетшілердің алақанын скотч деп ойлаған. Ал журналистің ұсталу себебі - оның тиісті құжаты да, аккредитациялау қағазы да болмаған, қауіпсіздік қызметі сол себепті оны президентке шабуыл жасайды деп қауіптенген.

Еске салайық, Бронислав Коморовский Польша президенті қызметін 2010 жылдан бері атқарып келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети