29 сәуір 2022 09:22

Польша ресейлік газды рубльмен төлеуге келіскен елдерді жазалауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Польшаның климат және қоршаған ортаны қорғау министрі Анна Москва Еуроодақ ресейлік газды рубльмен төлеуге келіскен елдерді жазалауы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.


Польшаның климат және қоршаған ортаны қорғау министрі Анна Москва Еуроодақ ресейлік газды рубльмен төлеуге келіскен елдерді жазалауы керек деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Агенттік мәліметінше, Мәскеуге қарсы санкцияларды жақтаушылардың бірі - Польша, одақ ресейлік газды сатып алуға толығымен тыйым салуы керек деп санайды.

"Бүгінде газға қатысты толық санкциялар ғана жетіспейді, бұл "Газпромға" және санкцияларды 100 пайыз орындауға қатысты мәселені шешер еді. Осы санкцияларды күтеміз", - деді министр.

Министрдің айтуынша, Ресейге қарсы қатаң газ санкцияларына қарсы тұратын Еуроодақ елдері - Аустрия, Германия және Венгрия.

"Рубльмен төлеуге келіскен бұл елдер үшін салдары болады деп күтеміз және нәтижесінде олар рубльмен төлеуді тоқтатады", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Венгрия билігі газ бен мұнайды рубльмен төлеудің Ресей енгізген схемасын қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети