Польшада белгісіз біреулер вакцинация орталығын өртеп кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

Польшада вакцинация орталықтарының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wall-ға сілтеме жасап.

Польшада вакцинация орталықтарының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wall-ға сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрі Адам Недзельскийдің айтуынша, Замостье қаласында белгісіз адам 2 тамызға қараған түні мобильді вакцинация пункті мен эпидемиологиялық станцияны өртеп жіберген.

Салдарынан вакцинация пунктіндегі үстелдер, кереуеттер және компьютер, сондай-ақ эпидемиологиялық станцияның қорғаныс костюмдері бар жертөле бөлмелерінің бірі өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскер жертөледегі әйнекті сындырып, бөлме ішіне өрт қойған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

"Бұл тек вакцинация орталығының қызметкерлері мен вакцина алуға келетін тұрғындарға ғана емес, сонымен қатар мемлекетке қарсы бағытталған террористік акт болды. Бұл шабуылдың мақсаты - адамдарды вакцина алу ниетінен айныту", - деді министр Недзельский.

Жергілікті билік өрт қойған адам туралы ақпарат бергендерге 10 мың злоты (шамамен 1,1 миллион теңге) беруге ниетті. Өрт қойған адам велосипедпен оқиға орнынан қашып кеткен. Енді вакцинация пункттерінде тәулік бойы күзет болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама