Помпео Солтүстік Кореяға аштық қаупі төніп тұрғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Помпео Солтүстік Кореяға аштық қаупі төніп тұрғанын айтты Фото: rbc.ua

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КХДР-ға аштық және коронавирус қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КХДР-ға аштық және коронавирус қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Оларға коронавирус және аштық қаупі төніп тұр. Солтүстік Кореяда азық-түлік тапшылығы бар. Біз барлығын мұқият бақылап отырмыз. Себебі, бұл жоспарымызға әсерін тигізуі мүмкін. Соңында Солтүстік Корея денуклеаризация жасауы мүмкін", - деді ол Fox News телеарнасының тікелей эфирінде.

Сондай-ақ Майк Помпео КХДР билігінде кім отырғанына қарамастан АҚШ Корей түбегінде толық денуклеаризация болуына мүдделі екенін атап өтті.

"Миссиямыз бұрынғыдай болып қала береді. Яғни Солтүстік Кореяның ішінде және оның басшығылына не болып жатқанына қарамастан төраға Ким Чен Ын және президент Трамппен Сингапурда Корея түбегіндегі толық және тексерілетін денуклеаризация уағдаласына қол жеткізу", - деді Помпео.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети