13 тамыз 2020 | 09:31

Порошенко Лукашенконы қайта сайлау өткізуге шақырды

Украина президентінің ресми сайты

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Беларусь президенті Александр Лукашенкоға видеоүндеу жасады. Ол кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шақырды, - деп хабарлайды "Украинская правда".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Беларусь президенті Александр Лукашенкоға видеоүндеу жасады. Ол кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шақырды, - деп хабарлайды "Украинская правда".

Порошенко Беларусьтің "бейберекетсіздік пен саяси тұрақсыздыққа түсіп бара жатқанына" үнсіз қарап отыра алмайтынын атап өтті.

Реклама
Реклама

Ол билікке қоғаммен ашық диалогқа шығуға шақырды.

"ОБСЕ және Еуропалық кеңесті қатыстыра отырып, халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың өкілдерін шақырып, сайлау процесіне сенімді болғаннан кейін Беларусьте кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жариялау керек", - деді Порошенко.

Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықты  "ресейлік агрессордың іс-әрекетін қарауға" шақырды. Оның айтуынша, "ресейлік агрессор" "Беларусь мемлекеті мен тәуелсіздігін" құртудың қолайлы сәтін күтіп отыр.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский  Беларусьте болып жатқан жаппай наразылық шаралары туралы пікір білдіргені хабарланды.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Еске салайық, сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная