10 тамыз 2020 13:20

Зеленский Беларусь азаматтарына үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский  Беларусьте болып жатқан жаппай наразылық шаралары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Украина президенті Владимир Зеленский  Беларусьте болып жатқан жаппай наразылық шаралары туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол үндеуін Facebook желісінде жариялады.

"Біздің көршіміз - белорусьтер қазір қиын кезеңді басынан өткізіп жатыр. Олар өздерінің алдағы даму векторын анықтауғы тырысып жатыр. Бұл - оңай емес. Елде сайлаудың алдын ала қорытындысымен бәрі келіспейтіні көрініп тұр. (...)

Біз көршілерімізді шыдамды болуға және көшедегі зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырамыз. Біз сіздерді барынша ашық, ауыр болса да, диалог құруға шақырамыз. Өйткені тек диалог Беларусь азаматтарына ауыр дағдарыстан шығуға  және бұдан кейінгі қадамдар мен қоғамдық қарым-қатынас форматын шын талқылауға мүмкіндік береді", - деп жазды Зеленский.

Еске салайық, сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады.

Беларусь орталық саулау комиссиясы президент сайлауының алғашқы нәтижелерін шығарды. Александр Лукашенко 80,23 пайыз дауыс жинады, оның кандидатурасын 4 миллион 652 мың адам таңдаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети