Порошенко марқұм Борис Немцовты Бостандық орденімен марапаттады

03 Наурыз 2015, 18:44
0
Порошенко марқұм Борис Немцовты Бостандық орденімен марапаттады - ©Tengrinews.kz иллюстрациясы
©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Украина президенті Петр Порошенко ресейлік оппозиционер Борис Немцовты қайтыс болғаннан кейін Бостандық орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент Борис Немцовтың Украина халқының жадында бостандықты мемлекеттік және кез келген шекараға бағынбайтын әмбебап құндылық деп есептейтін адам ретінде сақталатыны туралы айтып өтті.

Порошенко оппозиционердің Украина мен Ресейдің бостандығы үшін күрескенін айтты. "Біздің және сіздің бостандығыңыз үшін" - бұл тарихи ұран Борис Немцовтың өмір бойғы девизіне айналды. Сондықтан мен оны Бостандық орденімен марапаттаймын деп шештім. Жарқын бейне. Біз, украиндер үшін Борис Ресейдің патриоты және Украинаның досы болып қала береді. Егер қаласаң, бұл екеуін қатар алып жүруге болатынын ол өзінің өмірімен дәлелдеді", - деді Порошенко. Украина президентінің сайтында Ресейдің саясаткері әрі мемлекет қайраткері Борис Немцовтың Украинаның егемендігі мен аумақтың бүтіндігі үшін қолдау көрсеткені хабарланды. "2004-те Сарғылт түсті революцияны қолдады. Украина мен Ресейде демократиялық жетістіктерді таратуға ниет білдірді және Кремльге идеологиялық қысым көрсетуге шақырды. 2013 жылы Еуромайданға қолдау көрсетіп, сол үшін оған Януковичтің тәртібімен Украинадан шығуға тыйым салынды. 2014 жылы Ресейдің Қырымға басқындығын айыптады. Ресей түрмесінен украиналық ұшқыш Надежда Савченконы босатуды талап етті. Мәскеуде 2015 жылы 27 ақпанда өлтірілді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Порошенко Украинаның халық депутаты, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблея делегациясының мүшесі Надежда Савченкоға "Украина батыры" атағын берді. Еске сала кетейік, ол ресейлік журналистерді өлтірді деп айыпталып, Ресейде сотталған болатын. "Надежда украиналық қажымас рух пен батылдықтың, Украинаны қалай қорғап, сүюдің нышаны болып есептеледі. Біздің жеңісіміздің нышаны. Біз сізді тұтқыннан шығару үшін бәрін жасаймыз. Сізге "Украина Батырының алтын жұлдызшасын" тапсыратын мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді Порошенко.

Еске сала кетейік, Борис Немцов ақпанның 27-сінен 28-іне қараған түні өлтірілді. Соңғы мәліметтер бойынша, оперативтік қызметкерлер оны өлтіргендердің автокөлігін тапты. Сонымен қатар, көліктен олардың шашы табылды. Материал сараптамаға жіберілді. Күдіктілерге іздеу жарияланды. Саясаткерді бір айға жуық аңдып жүрген қылмыскерлер Ресейдің кавказ өңірінен шыққандар болуы мүмкін. Борис Немцов 3 наурызда Мәскеудегі Троекуровское зиратына жерленді. Қылмыстың тергеу жұмыстарын Ішкі істер министрлігі, Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Ресейдің тергеу комитеті жеке бақылауға алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай