Португалияның астанасы Лиссабон қаласының маңында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Reuters. Оның бортында болған төрт адам қаза тапты.
Португалияның астанасы Лиссабон қаласының маңында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Reuters. Оның бортында болған төрт адам қаза тапты.
Әуе ұшағы әуежайдан ұшқан бетте жақын маңдағы супермаркеттің алаңына құлаған. Оқиға орнында 50-ге жуық өрт сөндіруші және құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Ұшақ құлаған жерде өрт шығып, бес адам қаза тапты және төрт адам жарақат алған. Әуе кемесі швейцариялық протез өндіретін компанияға тиесілі екен. Ұшақты француздық ұшқыш басқарған. Олар Марсель қаласына ұшып бармақшы болған. Құтқарушылардың айтуынша, ұшақтың апатқа ұшырауына бортта жарылыс болуы себеп болған.
Оқиғаның видеосын CMTV арнасы жариялады.