Познер АҚШ пен Ресей саясатына көзқарасын білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Познер АҚШ пен Ресей саясатына көзқарасын білдірді Владимир Познер. ©Тұрар Қазанғапов

Ресейлік тележүргізуші Владимир Познер өзінің Обама мен Путинге көзқарасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тележүргізуші Владимир Познер өзінің Обама мен Путинге көзқарасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Обамаға келсек, ол қазір аса танымал емес президент болып тұр. Ол өзіне дауыс берген көп адамның қиялынан шықпады. Қазір, негізінен, оның әлсіз екені, Путиннің күшті екені айтылып жатыр. Ол қазір жай ғана қалған президенттік мерзімін өткеріп жатыр, оның әлі екі жылы бар. Ол Путинмен келісімге келу мүмкін емес деген тұжырымды ұстанады деп ойлаймын. Енді ол басқа тараптарға көңіл аударады, атап айтқанда, Қытайға, Жапонияға", - деді Познер Еуразиялық медиафорумның сыртында журналистермен сұхбаттасқан кезде.

Қырым сценарийінің қайталану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген ол мұның ерекше жағдай емес екенін айтты: "БҰҰ-ның рұқсатынсыз НАТО-ның шешімімен ешкімнен ештеңе сұрамай Сербияны бомбалай бастаған кезде, көпшілік "сіздер пәлені бастадыңыздар" деді. Косовоны бөліп алып, тәуелсіздігін мойындаған кезде де ешкімнен ештеңе сұраған жоқ. Косово ғасырлар бойы Сербияның бір бөлігі болған еді, сонда жалпыұлттық мүдде қайда қалады? Олар "бұл ерекше жағдай" деді. Әрқашан айтуға болады: неге сіздер істей аласыздар, біз істей алмаймыз? Қызық әңгіме".

Ол Ресейдің бұрынғы кеңестік республикаларды қайта қосуды көздемейтінін де айтты. "Мен өзімнің басымды қатты қадірлеймін, басымды кесіп берейін, ондай жоспар да, ой да жоқ. Сабырға келіңіздер. Мұның экономикалық тұрғыдан өте ауыр екенін айтпағанда, бұл ешкімге керек те емес. Мұндай мәлімдеме жасалған кезде мен Литвада болдым, кейбір литвалық саясаткерлер америкалықтарды өздеріне Ресей шабуыл жасаған кезде ядролық қару беруге шақырды, білесіздер ме, маған "бұл жерде баспасөз жақсы жұмыс істеді" деген ой келді", - деді Познер.

Познер өзге посткеңестік елдердегі сияқты Қазақстанда да баспасөз бостандығына қатысты мәселелер бар деп есептейді. "Мен Қазақстанда сөз бостандығы мәселесінің ушығып тұрғанын сеземін. Бірақ бұл мәселе жалпыға ортақ жайт деп топшылаймын, әсіресе, бұрынғы кеңестік республикаларда. Биліктің БАҚ-ты бақылауда ұстау ниеті - жалпыға бірдей дерт", - деді тележурналист.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети