ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2020 | 09:38
Президент Жээнбеков Бішкекте - баспасөз хатшысы
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Жээнбеков "жағдайды бақылап, барлық саяси күштің елдің мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоятынына, ел азаматтарын толғандыратын басқа да қауіптерге жол бермейтініне сенім білдіретінін" атап өтті.
"Барлық күш-жігерімізді елді құқықтық арнаға қайтару үшін жұмсайды. Бірінші кезекте, бұл елде өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларына қатысты", - деді баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ, ол Жээнбеков парламенттік сайлау қорытындыларын жою мүмкіндігіне жол бергенін атап өтті.
"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы ОСК-ға парламенттік сайлау қорытындыларын жоюға дейінгі бұзушылықтарға байланысты материалдарды мұқият зерттеуге кеңес берді", - деп мәлімдеді Стамалиева.
Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).
Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Митингіге шыққандар Ақ үйге басып кірді. Кейін Ақ үйде өрт шыққаны хабарланған.
Сондай-ақ, Бішкекте болған толқулардың салдарынан бір адамның қайтыс болғаны айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также