1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Бішкекте митингіге шыққандар басып алған Ақ үй өртеніп жатыр 06 қазан 2020, 07:51

Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үй өртеніп жатыр. Ғимаратта парламент пен президент әкімшілігі отыратын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Sputnik Қырғызстан Фото: Sputnik Қырғызстан

Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үй өртеніп жатыр. Ғимаратта парламент пен президент әкімшілігі отыратын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Ақ үй" өртеніп жатыр", - деп жазады агенттік Telegram каналында. 

Өрт төртінші қабаттағы кабинеттердің бірінен шыққан және кейін күшейген. Жалын басқа жерлерге де жеткен. 

Басылымның мәліметінше, Ақ үйге өрт сөндірушілер келген.

Өрт шыққанға дейін басып кіргендер ғимараттың кіреберісіне "күзет" қойған.

"Кіреберісте олар адамдарды кіргізбей тұр... "Біз бұл жерде өлсек те тұрамыз, сіздерді кіргізбейміз", - деді агенттік тілшісі тікелей эфирде.

Сондай-ақ ол Ақ үйден шыққан адамдар ештеңе ұрламауы үшін бәрін тінтіп, тексеріп жатқанын айтқан.

Еске салайық, Бішкекте митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды. Сондай-ақ митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram