06 қазан 2020 09:03

Қырғызстанның бас прокуроры алғашқы жоспарларын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kabar.kg © kabar.kg

Қырғызстанның бас прокурорының міндетін атқарушы Алмамбет Шыкмаматов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды 24.kg.


Қырғызстанның бас прокурорының міндетін атқарушы Алмамбет Шыкмаматов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды 24.kg.

Жалғасы

Шыкмаматовтың айтуынша, алдағы бірнеше сағатта Қауіпсіздік кеңесі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы - департамент басшысының міндетін атқарушы Өмірбек Суваналиев және Ішкі істер министрлігімен бірге елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру бойынша іс-шараларды үйлестіру жоспары талқыланады.

"Біз жаппай тәртіпсіздіктерге, тонауға және жағдайдың қиындауына жол бермеуіміз керек. Біз мүмкіндігінше тезірек заңды түрде әрекет етіп, үйлесімді жұмыс істеуіміз керек", - деді Алмамбет Шыкмаматов.

Шыкмаматов қадағалау органының басшысы ретінде ол бірқатар қылмыстық іс қозғамақ.

"Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды жаппай бұрмалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалады", - деді ол. 

Сондай-ақ, Алмамбет Шықмаматов Райымбек Матраимовқа қатысты қылмыстық іс қозғалатынын атап өтті. Алайда ол Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша айып тағылатынын нақты айтпады.

Еске салайық, Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. 5 қазандағы жағдай бойынша, бірінші орында "Биримдик" партиясы тұр (дауыстар әлі де өңделіп жатыр).

Бүгінде Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктер болып жатыр. Митингіге шыққандар Ақ үйге басып кірді.

Бішкекте митингіге шыққандар басып алған Ақ үй өртеніп жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети