Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Президент портретін өртегені үшін жауапқа тартылды

31 Қаңтар 2014, 16:05
0
Абдылда Қапаров. ©RFE-RL/Sherzod Yusupov
Абдылда Қапаров. ©RFE-RL/Sherzod Yusupov
Қырғызстанда Ош қаласы ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Абдылда Қапаров Президент Алмазбек Атамбаевтың портретін отқа жаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ош полициясы хабар таратты деп жазады Tengrinews.kz.

Абдылда Қапаров 2010 жылы сәуір төңкерісінен соң Ош қаласы ішкі істер басқармасына бастық болып тағайындалған. Сол жылдың маусым айындағы қырғыз-өзбек қақтығысынан соң ол қызметінен кетті. Кейін Қапаров оппозиция қатарына қосылды. Ол Оштың бұрынғы мэрі Мелисбек Мырзақматовтың белсенді жақтасы болды.

Биыл 15 қаңтарда Мырзақматов қала басшысы сайлауында жеңіліп қалды. Оның мыңдаған жақтасы Оштың орталық алаңына шығып, наразылық білдірді. Сол кезде Қапаров Атамбаевтың портретін көпшілік алдында өртеп, оның отставкаға кетуін талап етті. Бұрынғы тәртіп сақшысына қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай