24 тамыз 2018 | 16:32

Президенттер Түрікменстанда қандай келісімге келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтті.

Мемлекет басшысы саммиттің Халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығы қарсаңында өтуінің символдық мәні зор екенін айтып, осы жалпыөңірлік маңызды басқосу алаңының алғашқы күндерінен бастап мұнда Арал теңізі мен Арал маңы бассейнінің күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруашылығы және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті.

"Аралды құтқару қоры халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жасауда. Соның арқасында Арал өңіріне әлемдік қоғамдастық пен халықаралық қаржы институттары тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Біздің бірлесе жұмыс істегеніміздің арқасында бұл қор Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары өңірдегі халықтардың ортақ игілігі екеніне тоқталды, сондай-ақ осы аймақтағы мемлекеттердің барлығы тиімді шешімдер іздестіріп, оңтайлы идеялар мен нақты жобалар ұсынып жатқанын айтты.

"Түрікменстан тарапының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде Арал бассейні елдеріне арналған БҰҰ-ның Арнайы бағдарламасын қабылдау мәселесі қарастырылуда. Тәжікстан тарапының ұсынысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2018 жылдан бастап "Су орнықты даму үшін" атты халықаралық іс-қимылдар онжылдығын жариялады. Өзбекстан тарапы биылғы маусым айында Ташкентте Орталық Азияның халықаралық экологиялық форумын жоғары деңгейде өткізді. Қырғызстан тарапының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының қолдауымен "Шу және Талас өзендерінің бассейндеріне арналған іс-қимылдардың стратегиялық бағдарламасы" әзірленді, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның осы бағытта белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтып, елдер делегацияларын биылғы 10-12 қазанда Астанада өтетін Трансшекаралық су ағынын және халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ конвенциясына мүше тараптар кеңесінің Сегізінші сессиясына қатысуға шақырды.

Қазақстан Президенті бірлескен іс-қимылдың арқасында мүмкін болған оң нәтижелерге арнайы тоқталды.

"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» ауқымды жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі саласындағы экологиялық жағдай елеулі түрде жақсарды. Солтүстік Арал қалпына келіп, онда судың деңгейі 2010 жылдан бері тұрақты түрде 42 метрлік көрсеткішті ұстап тұр, судың тұздылығы төмендеді, теңіздің қоректік базасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалпына келіп жатыр. Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі микроклимат пен әлеуметтік жағдай жақсарды. Балық өңдейтін бірқатар кәсіпорын ашылып, олардың өнімі шетелге экспортталуда", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын құрамда өзекті проблемалардың, ұйымның тиімділігін арттыруға және бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған Халықаралық Аралды құтқару қоры міндеттерінің егжей-тегжейлі талқыланғанына назар аударып, Қазақстан тарапы ұсынған шараларға арнайы тоқталды.

"Қордың қазіргі институттарының негізінде Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырушылық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандырудың, бөлудің, есепке алудың, мониторинг жасаудың, соның ішінде олардың сапасын жақсартудың уақыты келді. Қазіргі жағдайда Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мәселесіне оралудың маңызы зор. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетін елдеріміздің біріне тұрақты орналастыру мәселесін қарастыру керек", - деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу халықаралық ауқымдағы маңызды оқиға саналатынын және су ресурстары мен экология мәселелері бойынша өңірлік кооперация үдерісіне тың серпін беретінін атап өтті.

"Біз мұнда жаңа басымдықтар мен міндеттерді анықтадық. Орталық Азияның орнықты дамуы мен өркендеуі үшін бұл мәселелерді шешудің маңызы аса зор. Сондықтан, мұның бәрі біздің әрі қарай үйлесімді түрде бірлесе іс-қимыл жасауымызды талап етеді. Мен Қазақстанның әрқашан да өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде дәйекті әрі сенімді әріптес болғанын және солай болып қала беретінін нық сеніммен айтқым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети