25 маусым 2021 | 12:57

Протасевич пен оның сүйіктісі үй қамауына алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Минск әуежайында ұсталған Белорусьтегі Nexta оппозициялық Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әкесі Дмитрий Протасевич айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Минск әуежайында ұсталған Белорусьтегі Nexta оппозициялық Telegram-арнасының негізін қалаушы Роман Протасевич үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы БАҚ-қа оның әкесі Дмитрий Протасевич айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Маған биліктің іс-әрекетіне пікір айту қиын, олардың мақсаттары не... Мүмкін ол қандай да бір саяси ойынға араласқан шығар", - делінген Роман Протасевичтің әкесі айтқан сөздерден келтірілген хабарламада.

Ол адвокат пен билік ештеңе түсіндірмегенін айтқан. "Бұлтартпау шарасын өзгерткендері, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін. Алайда кейін не болатыны белгісіз", - деп жазды басылым Протасевичтің әкесінің сөздерін келтіріп.

Реклама
Реклама

Агенттік мәліметі бойынша, Минскіде Протасевичпен бірге ұсталған ресейлік Софья Сапега да үй қамауына алынған. София қазіргі уақытта Минскіде жалдамалы пәтерде.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

"Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич және оның қызы Софья Сапега болған. Олар ұсталды. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная