25 мамыр 2021 09:00

Протасевич тергеу изоляторында не айтқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде NEXTA телеграм-арнасының бұрынғы редакторы Роман Протасевичтің уақытша изоляторда жасаған видеоүндеуі пайда болды. Ол тергеумен келісімге келіп отырғанын және Минскіде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын мойындайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео "Sputnik Беларусь" Telegram-арнасында пайда болды. 

Протасевич оған тәртіп сақшылары "нақты әрі заң аясында" қарап отырғанын, сондай-ақ денсаулығы жақсы екенін айтты. 

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған.

"Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бомба қойылды деген ақпарат расталмады. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Артынша батыс елдері де болған жайтқа пікір білдіріп, Протасевичті дереу босатуды талап етті. 

"Өлім жазасына кесілуі мүмкін". Беларусьтік журналистің тағдыры әлем назарында

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети