02 маусым 2021 | 09:32

Протасевич ұшқан рейстегі жауап алу сәті жарияланды

© Reuters

Беларусьтің ОНТ телеарнасы 23 мамырда Минск әуежайында Ryanair рейсінен шығарылған NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтен жауап алу сәтінің үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусьтің ОНТ телеарнасы 23 мамырда Минск әуежайында Ryanair рейсінен шығарылған NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтен жауап алу сәтінің үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсенбіде, 1 маусымда телеарна Boeing 737 жолаушылар ұшағының жоспардан тыс қонуы туралы тергеу фильмін көрсетті.

"Біздің журналистер оқиғаға қатысты тергеу жүргізді, 2 маусымда ОНТ эфирінде кешкі сағат тоғызда ұшуды талдаймыз", - делінді телеарнада.

Реклама
Реклама

Жарияланған кадрларда Протасевич оған ор қазылғанын айтады.

"Маған ор қазылғанына сенімдімін. Себебі мен мұны еш жерде айтқам жоқ, бірақ айтқан бойда бірден Минскіден шықтым!"- дейді ол.

Бұған дейін желіде Протасевичтің тергеу изоляторында айтқан үндеуінің видеосы жарияланған. Ол тергеумен келісімге келіп отырғанын және Минскіде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғанын мойындайтынын мәлімдеді.

Денсаулығы. Тергеу. Мойындау. Роман Протасевич ұсталған күні не болды? 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная