Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы сайлауға қатысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен Ресей Федерациясының президенті қызметіне кандидатурамды ұсынамын", - деді Путин ГАЗ зауытының жұмысшыларымен кездесу барысында.
Путиннің бұл сөзінен кейін залдағылар ду қол шапалақ ұрып, қошемет білдірді.
"Ниеттеріңізге рақмет, бастысы еңбектеріңізге рақмет. Ісімізге, кәсіпорнымызға, қаламызға, елімізге деген қарым-қатынастарыңызға алғыс. Қолымыздан келеді, сенімдімін", - деді РФ президенті.
Путин алғаш рет РФ президенті болып 2000 жылы сайланды, ал 2004 жылы қайта сайланды. 2008-2012 жылдар аралығында үкімет төрағасы болса, 2012 жылы қайта президент қызметіне келді.