Путин 2018 жылы өтетін сайлау жайлы: Мен әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқпын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин 2018 жылы өтетін сайлау жайлы: Мен әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқпын © REUTERS

Ресей Федерациясының президенті 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысуы жайлы әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Кремль сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Федерациясының президенті 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысуы жайлы әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Кремль сайты.

Агенттіктің 2018 жылы өтетін сайлауға қатыса ма, жоқ па деген сұрағына жауап бере отырып, Путин қыркүйекте өтетін парламент сайлауының қорытындысын күту қажет екенін, сондықтан да президенттікке сайлауға түсу жайлы мәлімдеудің әлі ерте екенін айтты.

"Қазір заманауи әлемде бұл туралы айту зиян. Жұмыс істеу керек, алдымызға қойған мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыру керек. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына үлес қосып, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет. Осы мәселелерді қалай шешсек, солай 2018 жылы өтетін сайлауды қалай өткізетінімізді және оған кімнің қатысуы керек болатынын қарастырамыз. Мен әлі өзім үшін ешқандай шешім қабылдаған жоқпын", - деді Владимир Путин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети