Путин Батыс санкцияларына жауап ретінде тағы бір жарлыққа қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикалық сипаттағы қосымша уақытша шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикалық сипаттағы қосымша уақытша шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлыққа сәйкес 2 наурыздан бастап Ресейден орталық банктің бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларынан асатын валютаны немесе "шетел валютасындағы ақша құралдарын" алып кетуге тыйым салынады.

Одан бөлек, президент резиденттер үшін рубльдік несиелер беру, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар орнатқан мемлекеттермен байланысты шетелдік тұлғаларға бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлік сату бойынша мәмілелер жасасудың ерекше тәртібін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл шара шетелдік тұлғалардың бақылауындағы адамдарға да қолданылады, "олардың тіркелген жеріне немесе олардың шаруашылық қызметті басым жүргізу орнына қарамастан".

Бұл операцияларды жүргізу үшін шетелдік инвестициялар жөніндегі үкіметтік комиссияның рұқсатын алу қажет болады, ал жылжымайтын мүлікпен және бағалы қағаздармен мәмілелер Қаржы министрлігі келісімі бойынша оралық банк рұқсаттарының негізінде ұйымдастырылған сауда-саттықтарда жасалуы мүмкін.

Сондай-ақ, комиссия 28 ақпандағы жарлыққа толық тыйым салған мәмілелерге рұқсат бере алады: резидент еместерге валюталық несие беру және шетелдегі шоттарына валюта аудару.

Құжатта бұл қадамдар "АҚШ пен оған қосылған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың достық емес және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерінен" туындайтыны көрсетілген. Олар ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған.

Еске салайық, кеше, 1 наурызда Путин рубль құлдырап кеткеннен кейін жаңа жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша, Ресей президенті Владимир Путин Батыстың экономикалық санкцияларының жаңа пакетіне жауап берді. 28 ақпанда ол экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді, нәтижесінде ол "АҚШ пен оған қосылған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жағымсыз әрекеттеріне байланысты" арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы жарлыққа қол қойды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro