Путин Донецк, Луганск және екі облыста әскери жағдай енгізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Донецк, Луганск және екі облыста әскери жағдай енгізді Фото ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарында, Луганск пен Донецкте әскери жағдайды енгізу туралы шешім қабылданғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Херсон және Запорожье облыстарында, Луганск пен Донецкте әскери жағдайды енгізу туралы шешім қабылданғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесі отырысында Ресейге қосылған төрт аймақта - Луганскі мен Донецкіде, Запорожье мен Херсон облыстарында әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

Ресей басшысы бұл аумақтарда "Ресейге қосылғанға дейін әскери жағдай режимі болғанын" айтты.

"Қазір бізге бұл режимді ресейлік заңнама аясында ресімдеу керек. Сондықтан мен Ресей Федерациясының осы төрт субъектісінде әскери жағдайды енгізу туралы жарлыққа қол қойдым", - деді ол.

Әскери жағдай қанша уақытқа енгізілетіні нақтыланбаған. Путиннің айтуынша, бұл шешім "Украина тарапынан келетін лаңкестік қауіптерге" байланысты қабылданған.

Қазір қаулы Федерация кеңесінің бекітуіне жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети