15 қазан 2020 | 09:38

Путин Ердоғанға Қарабаққа Таяу Шығыстан келген әскер туралы мәлімдеді

© РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Қарабақ аймағындағы жағдайды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Қарабақ аймағындағы жағдайды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресей президенті "таяу шығыс аймағынан келген әскери іс-қимылдарға байланысты алаңдаушылық білдіргені" хабарланды.

Реклама
Реклама

Одан бөлек, екі тарап та 10 қазан Мәскеуде келісілген гуманитарлық бітімгерлікті сақтаудың маңызын қолдады. 

"Владимир Путин мен Режеп Тайип Ердоган саяси процесті іске асыруды қолдады, оның ішінде, ЕҚЫҰ Минск тобының дамуы негізінде. Қантөгісі тезірек тоқтату және Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешуге көшу үшін ынтымақтастықты күшейтудің шұғыл қажеттілігі айтылды. Түркия ЕҚЫҰ Минск тобының мүшесі ретінде қақтығыстың шиеленісуінің алдын алуға үлес қосады деген үміт бар", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 10 қазанда Ресей, Армения және Әзербайжанның Сыртқы істер министрлері Мәскеуде кездесіп, екі ел арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалған болатын. Алайда сол күні екі ел де оқ әлі де атылып жатыр деп бір-бірін айыптаған еді. Кеше, 14 қазанда Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Түркияны Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Пашинянның айтуынша, Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға Әзербайжанды соғысты жалғастыруға итермелеп отырған Түркия кедергі келтіріп отыр.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная