14 қазан 2020 09:11

Пашинян Түркияны Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақтағы қақтығысты тоқтату келісімін Түркия бұзды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақтағы қақтығысты тоқтату келісімін Түркия бұзды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пашинянның айтуынша, Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға Әзербайжанды соғысты жалғастыруға итермелеп отырған Түркия кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы ол Reuters агенттігіне айтқан. 

"Мен Түркия өзінің позициясын өзгертпейінше, Әзербайжан ұрыс қимылдарын жүргізуді тоқтатпайтынына сенімдімін", - деді Пашинян. 

Еске салайық, 10 қазанда Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалған болатын. Алайда сол күні екі ел Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылғанын мәлімдеген еді. 

"Шиеленісе түсті". Армения мен Әзербайжан арасындағы қазіргі жағдай қандай?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети