Путин ғылыми дәреже алған шенеуніктерді қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин ғылыми дәреже алған шенеуніктерді қызметінен босатты © Uznayvse.ru

Ресей басшысы Владимир Путин президент істері басқармасы, ФҚҚ, РФ Қорғаныс министрлігі, РФ ІІМ қызметкерлерін басшылық қызметтен босатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей басшысы Владимир Путин президент істері басқармасы, ФҚҚ, РФ Қорғаныс министрлігі, РФ ІІМ қызметкерлерін басшылық қызметтен босатты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Өткен аптада Путин 2015 жылдың аяғында үкімет өкілдерін, соның ішінде жоғары шенділерді Ресейдің ғылым академиясының ендігі сайлауынан бас тартуды сұрап, РҒМ құрамына сайланып қойған президент істері басқармасы, ФҚҚ, РФ Қорғаныс министрлігі, РФ ІІМ қызметкерлерін үкімет органындағы жұмыстармен емес, ғылыммен айналысуға мүмкіндік беретініне уәде еткен.

"Ресей президенті Владимир Владимирович Путин өз қаулысымен Котенко Константин Валентиновичті РФ президенті істерін басқарушының орынбасарын - РФ Президент істері басқармасының Бас медицина басқармасы басшысын қызметінен өз еркімен босатты", - делінген хабарламада. 

Құжатқа қарағанда, өз еркімен қызметінен генерал-лейтенант Василий Христофоров босатылды. Ол РФ ФҚҚ Тіркеу және архивтік қор басқармасының басшысы болған. Оның босатылуына себеп "әскери қызметте болу жасының шегіне жету" екені айтылды. 

Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасының басшысы және РФ ішкі істер министрінің орынбасары - РФ ІІМ тергеу департаментінің басшысы Александр Савенков та орнынан босатылды. 

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған тұлғалардың қызметтен босатылуы Ресей ғылым академиясына сайлануына байланысты ма деген сұраққа "Иә", - деп қысқа берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети