Таулы Қарабақ мәселесінде ресейлік тараптың әуелден Армения Әзербайжанға жеті аудан беруі мүмкін деген көзқарасы болған. Мұндай мәлімдемені РФ президенті Владимир Путин "ВТБ Капитал" инвестфорумының жалпы отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

"Біздің о бастан ұстанымымыз белгілі - Әзербайжанға бес және екі ауданды беру туралы айту керек дедік. Армениямен өзара әрекет ететіндей Қарабақ зонасында белгілі бір режим қамтамасыз етілуі тиіс", - Путин.
Ресей президенті Таулы Қарабақ бойынша оңай шешім жоғын атап өтті. Себебі әр тараптың өз шындығы бар. Қақтығыстың түбінде этникалық текетірестер жатыр. Оны КСРО билігі шешпеген. Путиннің айтуынша, бұл армениялықтардың қару ұстауына түрткі болған. Нәтижесінде Таулы Қарабақ пен Әзербайжанның жеті ауданы Армения бақылауына өтіп кеткен.
Енді Баку сол жеті ауданның Арменияға да, алқашқы қақтығысқа да қатысы жоғын айтып отыр.
"Баку не дейді? Бұл - негізінен Әзербайжан территориясы. Әзербайжан "сол жерлерді қайтарып алуға құқымыз бар" дейді. Әр тараптың өзі шындығы барын түсініп отырсыз. Бұл жерде оңай шешім жоқ, себебі мәселе күрделеніп кеткен", - деді Ресей президенті.
Еске салайық, биылғы 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!