02 сәуір 2020 09:21

Путин қашықтан жұмыс істеуге көшіп, антисептик қолдана бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kremlin.ru © kremlin.ru

Сәрсенбі, 1 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет үкімет мүшелерімен қашықтан жиын өткізді. Көрсетілімді "Россия 24" телеарнасы жүргізді. 


Сәрсенбі, 1 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет үкімет мүшелерімен қашықтан жиын өткізді. Көрсетілімді "Россия 24" телеарнасы жүргізді. 

Жиын барысында Путин Ресейде коронавирустың тарауы мәселесі ушығып бара жатқанын айтты. 

"Елде жағдай қиындап, әлемде коронавирус мәселесі ушығып барады", - деді Путин. 

 Путин коронавирус пен мұнай бағасының түсуі екі жақтан соққы болғанын айтты. 

Путин Ресей үкіметіне коронавирустың пандемиясына байланысты, оның ішінде ТЖ режимін енгізу және елдің барлық аумағында жоғары дайындық бойынша қосымша тапсырма берді. 

Кремль сайтында жарияланған суреттердің бірінде антисептик тұрғанын аңғаруға болады. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ол шын мәнінде де антисептик екенін айтқан. 

Айта кетейік, бүгінде Ресецде барлығы 2777 адам коронавирус індетін жұқтырып, 24 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети