Путин Кемеровтегі өрттің себебіне қатысты өз ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Кемеровтегі өрттің себебіне қатысты өз ойын айтты © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Нововсти

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Нововсти

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - дейді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында. 

Сонымен қатар, Путин РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинкинге қайғылы оқиғаға жол берген қызметтік тұлғалардың әрекетіне құқықтық түрде баға беруді тапсырды. "Ақшасыз анықтама да ала алмайсың, ал ақшамен не болса соған қол қойып береді", - дейді ол. 

Ресей басшысы сейсенбі күні таңғысын Кемеровке ұшып келіп, өртенген сауда орталығында болды. Халық гүл шоқтарын жинаған орынға Путин де гүл қойды және ортенген сауда үйін қарап шықты.  

Кемеровтегі төрт қабатты сауда-ойын сауық орталығы жексенбіде өртенген болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 64 адам қаза болды, соның ішінде сегіз бала бар. Зардап шеккен 13 адам ауруханада жатыр, көпшілігі түтіннен уланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети