Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанның 240 миллион доллар көлеміндегі қарызын кешіретін құжатқа қол қойды. Құжаттың көшірмесі құқықтық ақпараттың интернет-порталында жарияланды, - деп хабарлайды "Ведомости".

Ресейдің Қырғызстанның қарызын кешіретіні жайлы Үкіметаралық келісімнің хаттамасы 2017 жылдың маусымында Алмазбек Атамбаевтың Мәскеуге сапары барысында қойылған болатын.
Қырғызстан 2009 жылдың 3 ақпанында алған несиенің салдарынан Ресей алдында қарыз болып қалған. Қарыздың қалай және қандай талаптар бойынша өтелетіне 2012 жылдың 20 қыркүйегінде құжатқа сәйкес реттелген болатын. Сол кезде қарыздың көлемі 488,9 миллион доллар болды.
Ал 2013 жылдың мамырында Мәскеу Бішкектің 188,9 миллион доллар қарызын кешірді.
2018 жылдың қаңтар айының ортасында Мемлекеттік дума Қырғызстанынң 240 миллион доллар қарызын кешіру туралы екі жақты келісімнің хаттамасын ратификациялады.