Путин мен Ердоған Иран мен АҚШ-тың қақтығысына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Сергей Гунеев/РИА Новости © Сергей Гунеев/РИА Новости

Ресей мен Түркия Президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша Иран мен АҚШ-тың қақтығысына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей мен Түркия Президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша Иран мен АҚШ-тың қақтығысына байланысты бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Екі елдің көшбасшылары шетелдік араласу мен бір жақты әскери іс-қимылдарға қарсы шығатынын әрі соққылармен алмасу проблемаларды шешуге ықпал етпейтінін мәлімдеді.

"Біз АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің ушығуына және Ирактағы келеңсіз зардаптарға зор алаңдаушылық білдіреміз. Біз АҚШ-тың америкалық операциясын Иран Ислам революциясы күзетінің Әл-Кудс жасағының қолбасшысы Касем Сулейманиді 2020 жылдың 3 қаңтарында Бағдадқа сапары кезінде көзін жоюын аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін акт ретінде бағалаймыз", - делінген мәлімдемеде.

"Тараптың  2020 жылдың 8 қаңтарында Ирактағы коалиция базасындағы Иранның зымыран шабуылына байланысты соққылармен алмасу және кез келген күш қолдануы Таяу Шығыстың күрделі мәселелерін шешуге ықпал етпейді, бірақ керісінше, тұрақсыздықтың жаңа орамына алып келеді және нәтижесінде барлық тарапқа зиян келтіреді деп есептейміз", - деп атап өтілген құжатта.

"Біз әрдайым шетелдік араласу мен қауымаралық қақтығыстарға қарсы тұрдық. Осыған байланысты біз өңірдегі шиеленісті деэскалациялауға міндеттемеміз туралы мәлімдейміз және барлық тараптарды ақылға қонымды мән бере отырып және дипломатиялық құралдарға басымдық бере отырып, ұстамды әрекет етуге шақырамыз", - делінген Мемлекет басшыларының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Ыстамбұлда Владимир Путин мен Тайып Ердоған ресми түрде "Түрік ағыны" газ құбырын ашқан. Рәсімге Сербия Президенті Александр Вучич пен Болгария премьер-министрі Бойко Борисов қатысты. Саясаткерлер газ құбырының символдық вентилін бірге бұрды.

Газ құбырының жалпы қуаты жылына 31,5 миллиард текше метрге жетеді. Ердоғанның айтуынша, Мәскеу мен Анкара ынтымақтастықтың үлгілі деңгейін көрсетті. Бұл ретте Путин бұдан әрі де "қос жолдас ел" ретінде әрекет ететініне сенім білдірді", - деп хабарлады RT.

Еске салайық, АҚШ-тың Ирактың батысындағы Эйн-әл-Асад әскери базасына зымыран соққысы жасалғаны хабарланған еді. Cоққы - америкалықтардың Иран генералы Касем Сулейманидің өлтіруіне жауабы делінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro