Путин мен Ердоған Ирандағы кездесуде не туралы сөйлесті?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуінің қорытындысы белгілі болды. Олар Тегеранда өткен "астана форматындағы" саммит аясында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуінің қорытындысы белгілі болды. Олар Тегеранда өткен "астана форматындағы" саммит аясында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сүйенсек, кездесуде Сириядағы лаңкестермен күрес және Украина астығын экспорттау басты тақырыптар болған.

TRT World арнасы мәліметінше, Ердоған келіссөздердің негізгі тақырыбы сириялық босқындардың Түркиядан өз еліне аман-есен оралуы екенін айтты.

"Терроризмге қарсы күресіміз жалғасады. Ресей мен Иран лаңкестікпен күресудегі күш-жігерімізді қолдайды деп күтеміз. Сирия халқы үшін ең үлкен пайда елді лаңкестерден тазарту болады", - деді Түркия президенті.

Осыдан кейін мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, онда олар "Сирияға тиесілі мұнай кірістерін заңсыз басып алуға және аударуға қарсылықтарын білдірді", сондай-ақ Сириядағы "заңсыз өзін-өзі басқару бастамаларын қоса алғанда, жаңа шындықтарды құру әрекеттерін жоққа шығарды".

Путин "астана форматындағы" саммиттер Сириядағы қақтығыс аяқталғанша жалғасуы керек екенін атап өтті.

"Сириялықтар өз болашағына қатысты шешім қабылдауы керек. Ресей, Түркия және Иран Сирия халқына көмектесу үшін бірлесіп жұмыс жасап жатыр", - деді ол.

Кездесуде Путин түрік басшысына Украинадан астық экспорты бойынша келіссөздерге дәнекер болғаны үшін алғыс айтып, біраз ілгерілеушілік бар екенін айтты. Сонымен қатар, Путин келіссөздердегі ілгерілеуге Ердоғанның арқасында қолжеткізілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети