Путин мен Медведев өздерінің кірістерін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин мен Медведев өздерінің кірістерін жария етті © tvc.ru

Владимир Путин, Дмитрий Медведев және Ресей Федерациясының үкімет мүшелері өздерінің кірістері туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин, Дмитрий Медведев және Ресей Федерациясының үкімет мүшелері өздерінің кірістері туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль сайтына сілтеме жасап. 

Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықтағы мәліметтер бойынша, Владимир Путиннің 1500 шаршы метр жер телімі, 77 шаршы метр болатын пәтері және көлікжайы бар - 18 шаршы метр. Олардың барлығы Ресейде орналасқан. Сонымен қатар, ГАЗ М21 екі автомобилі, Нива және "Скиф" автокөлік тіркемесі бар. Владимира Путиннің бір жылдық табысы - 8 858 432 рубль.

Дмитрий Медведевтің 367,8 шаршы метр пәтері бар, 49 жылға жалға алынған жер телімі (4700 шаршы метр) бар. Оның ГАЗ 20 және ГАЗ 21 жеңіл көліктері бар. 2016 жылы Дмитрий Медведев 8 586 974,69 рубль табыс тапқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети