"Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель Украинамен арадағы газ мәселесіндегі келісімді талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Путин мен Меркель Брюсселде жүріп жатқан Украинаның газ бойынша қарызына қатысты мәселені шешу туралы Ресей-ЕО-Украина форматындағы консультацияның жұмыс барысын талқылады. Телефон арқылы сөйлесу кезінде Путин базбір қиындықтарға қарамастан ресейлік делегацияның екі жаққа да тиімді болатын келісімге қол жеткізу үшін сындарлы позиция ұстанатынын айтты.
Ресей-ЕО-Украина форматындағы газ бойынша келіссөздер Брюселде 10 маусым күні жалғасуы керек болатын, алайда 11 маусым күнгі таңертеңгілік уақытқа ауыстырылды. Қазіргі уақытта "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы келісімге сәйкес, газ бағасы 1 мың текше метр үшін 485 долларды құрап отыр. Ал Украина тарапы бұл бағаны 268,5 долларға дейін түсіруге қол жеткізбек.
Бұған дейін, газ қарызы үшін "Нафтогаз" "Газпром" есеп шотына 786 миллион доллар аударған еді. Бұл сома шамамен бүгінгі жалпы қарыздың төрттен бірін құрайды.