Ақ үй Финляндияның астанасы Хельсинкиді АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі ықтимал орын деп қарастырып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта мүмкін болатын кездесу орны - Финляндия астанасы Хельсинки", - делінген ақпаратта.
Болатын саммит туралы ешқандай түпкілікті шешім қағазға түспесе де, "барлығы Хельсинкиде болуы мүмкін деп дайындалып жатыр".
Бірнеше уақыт бұрын Financial Times газеті Ресей Федерациясының беделді ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, Путин мен Трамп кездесуі 13 шілдеде АҚШ президентінің Ұлыбританияға сапарынан кейін өтеді деп мәлімдеген.
Басылымның мәліметінше, "Екі жақтың алдын ала келісімі бойынша, кездесу орны логикалық тұрғыдан қарағанда басқа елде болған ыңғайлы, бірақ Австрия емес".
Кейінірек, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков газетте басылған ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.